Өлеңдер ✍️

  05.09.2022
  395


Автор: Жандарбек Жұман

Айға сыр (Алғашқы махаббатыма)

Түн құлады көзімде қайғы асынып,
Ойлар маған құшағын жайды асығып.
Саған,жаным,айтпаған, айта алмаған,
Сырларым кетті-ау,сірә, Айға сіңіп.

Қай кезде де қолпаштап тұрдың,күнім,
...Күткен еді тағдырдан бұл күнді кім?
Мен сені ренжіткенмін, сондықтан да,
Өз-өзіме өкпелеп жүрмін бүгін.

Қыз табыла қоймады сендей,көкем,
Саған деген емес-ті мен де ой бөтен.
«Ұмыматымын сол қызды!...» деп жүруші ем,
Бірақ та ол қолымнан келмейді екен.

Сетінеген сезімді серік қылдым,
Ал,жүрекке үміт пен серітті ілдім.
Кездесуге бәрібір келмейсің ғой,
Ең болмаса түсіме келіп тұрғын.

Махаббатқа мендегі өтпеді айла,
Сансыз сұрақ сандалып беттеді ойға.
Түніменен телміріп... «сен шығар» деп,
Өлең оқып беремін көктегі Айға...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу