Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  92


Автор: Дихан Қамзабекұлы

ӘБІЛЖАН МҰНЫ ЖАЗҒАН ЖҰМАНҰЛЫ

Әбілжан мұны жазған Жұманұлы,
Ұқпаған сөздің болмас биттей пұлы.
Дүниеге бірдей келген адамзатпыз,
Біреудің біреу емес мәңгі құлы.
Сөзімді азаматтар ұғып алсын,
Сәлем деп талаптыға жаздым мұны.
Жазатын тарих та бар ғасырларда,
Тізілсін іште пікір сөздің шыны.
Тартылма білгеннен соң, жан жолдасым,
Ғасырдың туғаннан соң жазар күні.
Жөндеп ал талаптылар өзің біліп,
Нұсқаусыз мен қояйын ендігіні.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу