Өлеңдер ✍️

  02.09.2022
  246


Автор: Жанат Әскербекқызы

Сен барсың ғой...

Басыма бақыт жауса да қардай
барыңа сенің жетер ме...
Гүлнар Салықбай



Сен барсың ғой, бұл жалған сосын мәнді,
Сен жүрген жақ, еріксіз есімді алды.


Сені күтіп, сенделіп жүргенімде,
Керуенім қамалып, көшім қалды.
Қара жолға қадалды қарашығым,
Қарашығым – сені іздер шарасы мұң...
Жайымды ұғып, қасыма келсең нетті,
Жанға жақын, емес пе ең жанашырым.
Алдандырып жалғанда бар болғаның,
Жұбанады мұңайып қалған жаным.
...Тыңдар болсаң, сайраған құс тілімен
Айтар едім сезімнің арманды әнін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу