Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.08.2022
193
Өз сырымды өзім біліп...
Өз сырымды өзім біліп,
Көңіл жылап, көзім күліп,
Көкке қарап тіл қатып ем –
Күңіренді сөзімді ұғып...
Күрсінеді қара ала бұлт,
Қабағыма қарап алып...
Алқынған жел үмітімді
Әлдеқайда барады алып.
Келмес мұңға күннің әлі,
Керең болар түн құлағы.
Қайтер дейсің... өксігімді
Өзегіне тұндырады.
Сары адырлы далаға тән –
Сарғаяды сарала таң.
Сағынышқа өкпемді орап,
Әлдеқайда бара жатам...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇