Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.08.2022
332
ҚЫЗЫЛ БИДАЙ
Туған жердiң табынтқан қырқа-белiн,
Қайран ата, соқақол диқан едiң.
Қабiрiңе бiтiптi қызыл бидай,
Қызыл бидай кекiлiн сипап едiң.
«Диқансың ба, бәрiбiр, ақынсың ба,
Досың болар туған жер, ақылшың да.
Топырақта бақыт бар, ұғын» деушi ең,
Сол топыраққа оранып жатырсың ба?
«Мен – атаңның өлмеген арманы» деп,
Қызыл бидай маған сыр толғады көп.
Кеттiң бе екен ренжiп маған, ата,
«Кетпенiме мұрагер болмады» деп.
Жатты ма екен уыстап қолдарың дән,
Қызыл бидай өсiптi дәл жаныңнан?..
Сағындым ғой атаның алақанын,
Қызыл бидай, сипашы маңдайымнан...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter