Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.08.2022
179
Қаланың дырдуынан қажыған шақ...
Қаланың дырдуынан қажыған шақ,
Үстімнен сыпырылып тəжі-мəнсап.
Қанат қып сағынышты құстай ұшып,
Келемін туған жердің жазын аңсап.
Жат – жұртқа жан емес ем таба қылған,
Таниды ол көңілді – күйді қабағымнан.
Тілазар болады-ау деп қауіптенбей,
Сүйеді мұртты ауызымен табанымнан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇