Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  72


Автор: Жанат Әскербекқызы

Дала... Көнені аңсау.

Сексеуілге «аға» дедім. Ол үнсіз
Тіл қатпастан тұра берді көңілсіз.
Тобылғыға «көке» дедім, түнерді,
Түсінеді мына мені кім енді?!
Қарт еменге «баба» дедім жүгініп,
Тұла бойы кетті-ау деймін үгіліп.
Құба жонның білгім келіп тағдырын
Қара жолдан қиғаш кетіп қаңғыдым.
Балбал тастар мен міскінге күледі,
Өйткені олар көне күнді біледі.
Дала мынау... ауыр ойдан қажыған –
Шипа іздейді көне күйдің сазынан.
Төрткүл дүние төнеді кеп төбемнен
Өзегімді өртеп тұрып өлеңмен...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу