Өлеңдер ✍️

  27.08.2022
  106


Автор: Жанат Әскербекқызы

Жапырак кешкен Сары Күз...

Жапырак кешкен Сары Күз,
Кездесіп тұрмыз тағы біз...
Өзіңдей жүрек сап-салқын,
Сарғайып кеткен жанымыз.
Сары күз, жеттің тым жылдам,
Өзіңді көріп қынжылғам,
Көктемім көлбеп қиялда,
Санамды тербер мың жылғы ән.
Мамырмен кетті бал сезім,
Тамызға бодан бар сөзім,
Енді сен кетсең не болар,
Серігім болып қалшы өзің…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу