Өлеңдер ✍️

  27.08.2022
  93


Автор: Жанат Әскербекқызы

Жан-жүрегімнің шөлдегені шын...

Жан-жүрегімнің шөлдегені шын,
Келеді құстар...сен келемісің.
Бауыр басамын бейдауа желге
Мен жаққа саған кел дегені үшін.
Жүрекке салған әлегің қалып,
Мұңаяр мөлдір әлемім налып,
Сарыарқа-көңіл сергиді, шіркін,
Самал жеткенде сәлеміңді алып.
Сап-сары уайым шеккізер ғалам,
Сабырмен бәрін өткізер далам.
Қасқа жол қарар кінәлі болып,
Қасыма сені жеткізе алмаған...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу