Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.08.2022
1919
МАХАМБЕТТІҢ МОНОЛОГЫ
Өмірде өстіп жүремін бе мен,
Тағдырдың тартып азабын?
«Өзекті жанға – бір өлім!» – деген
Өр едің неткен, қазағым!
Күрес дейтұғын жүр күш қанымда,
Құдайым – жырым, құлыным.
Зұлмат күштермен жұлқысқанымда,
Жұлынсын менің жұлыным!
Қаскөйді таптым қандастарымнан,
Қасіреттің кешіп сүренін.
Махаббат жыры марқасқа қылған
Тәкаппар – менің жүрегім!
Қайралды қылыш қайнаған кекке,
Ханның қанына тоймаспын!
Басымды берем – Баймағанбетке!
Жүректі бере қоймаспын!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇