Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  162


Автор: Нұрлан Қалқа

Өзіңді жоғалтқаным...

Өзіңді жоғалтқаным –
Өзіме оқ атқаным.
Өзімнен жаратылған
Ұрпақты сорлатқаным.
Өзіңді тастағаным –
Өрге мен баспағаным.
Өзегім өртеніп мың,
Шабар-ау басқа қаным.
Өзіңді кешіргенім –
Қатемді кеш білгенім.
Өкпеге қимай сені
Жібекше есілгенім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу