18.08.2022
  404


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

ТҮЙЕ МЕН БОТА

Ойынның  басында  бір  ойыншы  – «түйе», екіншісі «бота» болады. Қалған- дары өзара қолдарынан ұстасып үлкен шеңбер жасайды. «Түйе» сол шеңбердің сыртында, «ботасы» ішінде қалады.


«Түйе» шеңбердің сыртында жүріп «ботасына»: «Үйге жүр!»– дейді. «Бота- сы»: «Жоқ, үйге бармаймын!» – дей- ді. «Түйе» «ботасын» әкетпек болып тұра ұмтылады. «Бота» шеңберді айна


ла қашады. Ақырында «түйе» есебін та- уып «ботасын» қолға түсіреді. Ботасы:


«Жібер!» – дейді. Түйе: «Жібермеймін!» – дейді. Сол кезде шеңберде тұрған ой- наушылар «түйені» ұстап: «Шөк, шөк!» – деп жүріп, оны шөгереді.


Содан кейін ойнаушылар қатарға тұрып кезектесіп, шөккен «түйенің» үстінен бір-бірлеп секіре бастайды. Ойын ба- рысында «түйе» үстінен секіріп жатқан ойыншылардың қайсысын орнынан тұр- май ұстап алса, сол «түйенің» рөлін ой- найды да, екінші ұстағаны «ботаны» ал- мастырады. Осылайша ойынды әрмен қарай жалғастыруға болады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу