Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.08.2022
165
МӨЛДІР СЕЗІМ
Жас жүрек балапандай тыншымаған,
Нұр аунап, аспанында ай шомылған.
Уыздай менің аппақ махаббатым,
Қайдасың, сағындым ғой, келші маған!
Қайырмасы:
Сен – менің арманым,
Аңсадым сені мен.
Арнаған әнімді
Тыңдашы жүрегіңмен.
Сағыныш сазымсың,
Ып-ыстық жазымсың,
Өзіңді сағындым мен!
Жүрегім саған арнап жыр төгеді,
Жанымның жайқалғанда гүл, терегі.
Кетті ғой жанды баурап, сезім тулап,
Қалқам-ау, жүзің қандай көркем еді!
Қайырмасы.
Бұлақтай мөлдір едім тұнып тұрған,
Жастық шақ жұмбақ сазы сыр ұқтырған.
Ырзамын тағдырыма жарқыратып,
Өзіңдей періштеге жолықтырған.
Қайырмасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇