Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  118


Автор: Айсырға Қилыбаева

НАР МІНЕЗ

(Кластасым Хасанның мерейтойына)
Тағдыр тегеш құлағын жиі бұрап,
Салмақ түсті иыққа қиынырақ,
Танытып нар мінезін, ер қайратын,
Қайғыға берілмедің, еңсең құлап.
60-тың шықтың бүгін асқарына,
Ақ қырау шашыратып шаштарыңа.
Өмірде, ұжымда да орның биік,
Істерің – досқа үлгі, жасқа мұра.
Мұнайды кәсіп еттің ширек ғасыр,
Жемісті еңбегіңмен даңқыңды асыр!
Көтеріп мәртебеңді балаларың,
Той болсын жанұяңда ұлан-асыр!
Жар сүйіп, жас отаудың шамын жақтың,
Көңілін ата-ананың жадыраттың.
Бұл күнде ата болдың жанұяда,
Уығын берік байлап шаңырақтың.
Әкесі сыйлы болған ел ағасы,
Үлгілі ұстаз екен әз анасы.
Лайық өздеріне орын тауып,
Бұл күнде үй-жай болған бар баласы.
Жарың бар іскер, алғыр Мариядай,
Жарасқан көңілдерің дариядай.
Үйлену тойын жасап кеше ғана,
Жаңадан отау құрған жанұядай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу