Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  86


Автор: Айсырға Қилыбаева

ШИПАЛЫ ҚОЛ

(Маңғыстаудан шыққан белгілі емші Рысты Жақсымова 45 жасқа
толғанда)
Қырықтың қылшылдаған қырын басып,
Жүріппіз ақ жүректі баршаға ашып.
Ақ жүзге әжім салып, әрін алған
Барады сол 40 та бізден қашып.
Емшілер қауымдасты Астанада,
Ең алғаш орталығын ашты «Дауа».
Сен сонда шақырылып, емші болдың,
Куә боп Семейдегі «масқараға».
«Емші» атың ақпаратта шашыраған,
Жансың бір байлық қуып, тасынбаған.
Еліңе сияпатты сол қалпыңмен
Жүре бер бала-шаға қасында аман!
Киелі топырақта дара туған,
Ерекше қасиеттен жаратылған.
Қиналған дімкәстер мен науқастарға
Шипалы саусағыңнан ДАУА қонған.
Құрдасым, құтты болсын 45-ің,
Ызғары қыстың жанды жүдетпесін!
Тілеймін саған аппақ арай күндер,
Сыйласқан жақсы құрбы, жүректесім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу