Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  104


Автор: Айсырға Қилыбаева

АЛТЫН ҰЯҒА ТАҒЗЫМ

(Шахта орта мектебінің 70 жылдық тойында оқылған өлең)
Шаңырағың биік, білімге бастау, құттысың,
Қанатын қағып жылда ұшады топ құсың.
Қырық үш жыл бұрын құрсағыңдағы біздерді
Алтын ұямыз, ұмытып кеткен жоқпысың?!
Алын ұямыз – білімнің қайнар бұлағы,
Еңсесі биік асқар тау болып тұрады.
Баспалдақ санап биікке ғана бастайтын,
Шәкірттер үшін ұстаздың орны жоғары.
Алтын әріппен есімін жазған санаға,
Ұлағаты мен жүрегі жақын балаға.
Ардақты жандар, қауышып тұрмыз сендермен,
Жиырмасыншы көктемді салып араға.
Балапан-жүрек, мектепке кірдік асығып,
Басталды оқу, «Әліппе» беті ашылып.
Қарсы алды алғаш жетекші болып бір ағай,
Жанарынан мейірім шуақ шашылып.
Солай да-солай басталды оқу сабағы,
Әр баланың ерекше ынта-талабы.
Ұстаздарым – Жаңылсын, Жамбоз, Бақыттар
Жадымда мәңгі сақталып менің қалады.
Дәрмені жетпей, дәурені біткен таспаның,
Бұл күнде бізге дүбірлі уақыт қосқан үн.
Сәйгүліктерің суырылып алда келе ме,
Балалық жүзі кетпейтін естен, достарым?!
Бұл ұядан түлеген көп-көп өрендер,
Далаңды гүлге, ғаламды үнге бөлеңдер!
Құрметтеңдер балапан кездің бағбаны,
Ұстаздарыңды – ақылшы, дана, кемеңгер.
70 жылда керегең кеңге керілген,
Білімді маман, ғалымдар сыйған төрің кең.
Құтты болсын мерейлі жасың – жетпісің,
Өмірің – шәкірт тәрбиесімен өрілген!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу