Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  95


Автор: Айсырға Қилыбаева

ХАЛЫҚТЫҢ АЛҒЫСЫ КӨП НҰРБАУЛЫҒА

Қаратау сұр бұлт іліп шыңдарына,
Дүние қалт-құлт етіп тұрғанында;
Комбинат ашып, елді асыраған
Халықтың алғысы көп Нұрбаулыға.
Жаман мен ажыратып жақсыларды,
Орындап қиын-қиын тапсырманы;
Өмірлік жарақаты отыз бес жыл
Іскерлік қабілетін жасқамады.
Ел қамы күндіз түні зердесінде,
Бейнеті – елге игілік, мол несібе.
«Көп итке көк төбет» боп көп таланып,
Көп орден таға алмапты кеудесіне.
Қоғамда орны бөлек, адал адам,
Кезінде Алшын, Құлшық бағалаған.
Тік мінез, қисық істі бетке айтатын,
Жан екен шен-шекпенге қарамаған.
Шалдығып, мойымаған, жасымаған,
«Жоқпын» деп, барға байып, тасымаған.
Тері илеп, көмір қазып, Таушық елін
Нұрекең комбинаты асыраған.
Қара жер алса да, ата, ер еңсеңді,
Рухы өлмейтіндей көрем сені.
Фәниде қайырымың, адалдығың
Алланың ақ нұрына бөлер сені!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу