Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  149


Автор: Айсырға Қилыбаева

ДОС

«Досың көп қой» деп айтады біреулер,
Бар-жоғыңды кім бар дейсің түгендер?!
«Тіке сөйлеп, тура жүрген пенденің
Дұшпандары жоқ болады» демеңдер.
Дос көп менде, дұшпаным да жетеді,
Бірі қолдап, бірі қорлап кетеді.
Сапырылысып, кіріп-шығып жататын
Менің миым – жолаушылар мекені.
Шақырмай-ақ, өзі келер жұғысып,
Жандармен кей жүргенімде ұғысып;
Жүргенімде қолшатырдың астында,
Тұрғандарға бара жатад ығысып.
Осындайдың көріп, біліп талайын,
Тазарта алмай жүрем көңіл сарайын.
Жолайрықта қалдыратын шошайтып
Достарым да жеткілікті, ағайын!
Айналама қарап қоям таңданып,
Шын дегенім ертегіге айналып.
Көзір шығып, қолы шықса мәңгүрттің,
Дарабоздың бағы жанбас, байланып.
Ашу қиын шын достықтың қақпасын,
Ашылды екен, оны қайта жаппасын!
Бір-біріне сенім артқан достарды
Жалған достар күпірінен сақтасын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу