Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  88


Автор: Айсырға Қилыбаева

Байрағым сізге байлаған...

Байрағым сізге байлаған,
Өлеңім, жырым арнаған.
Дүние көзді байлайды,
Қызылды-жасыл – айналам.
Қым-қуыт тірлік, байбалам,
Біреу жүр тісін қайраған.
Шарпылып екі жылтыр көзғ
Жаласып, ауыз майлаған.
Сарнайды сыздап сар далам,
Тынады тыңдап бар ғалам.
Жетім мен жесір толып жүр,
Көзінің жасы парлаған.
Ұйқылар жатыр қанбаған,
Түс көріп, көңілін аулаған.
Көшеді бұлттар жөңкіліп,
Тамшысы жерге тамбаған.
«Герлерден» туып, жабы боп
Кеткенім үшін арланам...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу