Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  85


Автор: Айсырға Қилыбаева

МУЗА

Перзентімдей мен сені аялаймын,
Ұйқы бөлем, уақыт аямаймын.
Сен оянсаң, әлдилеп жүрегіммен,
Тербетемін басқаға қарамаймын.
Маңдайыңнан мен сенің шуақ көрем,
Сен барында – түн, тұман жырақ менен.
Кездерімде шаршаған, шабандаған
Қамшылайтын мен сені қуат көрем.
Сипап тұрып, сүйемін тұлымыңнан,
Айналайың тентектеу қылығыңнан!
«Тентегімнің ұзақ қыл ғұмырын» деп,
Жалықпаймын Музама сыйынудан.
Сен бе, әлде мен сенің жетегің бе?!
Жалықтырмас сазымсың көкейімде.
Кете алмаймын.
Білемін, саған ғана
Тағдырымның байлаулы екенін де.
Табыстырған айналдым Тәңірімнен!
Жүріп келем өзіңнің әміріңмен.
Мен өлгенде басымнан дүние емес,
Музам менің!
Айналдыр дәуір-өлең!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу