Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.08.2022
166
ЗАМАНА ЗАПЫРАНЫ
Бай, кедей болып, еліміз тапқа жіктеліп,
Кәдеге асты парықсыз нарық тіктеліп.
Әкесі тірі, әкесіз өскен ұлдардың
Төгілмей жасы, алқымында тұр кептеліп.
Жетілмей жатып жемісін желге тонатқан,
Обырлар жүр еңсесін ердің құлатқан.
Серілер шықты көкектің әнін шырқайтын,
Жесірін қорлап, жетімектерін жылатқан.
Біреудің терең, біреудің керең зердесі,
Бәрі де – бірдей Алланың құлы, пендесі.
Көтереді олар тағдырдың түрлі тоқпағын,
Белгілі бірақ пендеге пенде көнбесі.
Кеуделі де жүр, өлмелі де жүр жер басып,
Өрелілер жүр көкірек көзін кеңге ашып.
Тірлігі үшін өрмелеп, өрден секіріп,
Кеміргіштерден жүгіргіштер де жүр қашып.
Бай менен кедей, бөліндік тапқа жіктеліп,
Егеменді ел боп, байрағымызды тіктедік.
Саяхатшылар салтанат құрды сарайда,
Жер иесі қорада жатыр кептеліп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter