Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  188


Автор: Айсырға Қилыбаева

ЖОЛ

Бір ашық, бірде шатылыс,
Таусылмайтұғын жол – өмір.
Шарпылыстар мен қапылыс
Тұрағы болған бұл өңір.
Жүріп өткен бұл жолмен
Адасып, әрі кеткендер.
Шалғайда жүріп, қамығып,
Көзінің жасын төккендер.
Бұл жолмен кімдер жүрмеген?!
Бұл жолмен кімдер келмеген?!
Бұл жолмен көшкен талайлар
Қоштасып туған жерменен.
Бұл жолмен жүріп атамыз,
Жесірін жаудан айырған.
Атажұртын ұлықтап,
Жауының бетін қайырған.
Ауыздығымен алысып,
Асаулар тарпып өткен жол.
Өзегі талып аштықтан
Отансыз азап шеккен жол..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу