Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
161
АҚҚУ БЕЙНЕҢ – КӨҢІЛДІҢ АЙДЫНЫНДА
Көңіл көлі толды ма,
Көкіректе нұр шалқып.
Жатыр, дәурен – домбыра
Тірлік атты күй тартып.
Бірге аттадық жол басын,
Екеумізде бір тілек.
Жанарыңа қонбасын,
Қайғы-мұңның бұлты кеп.
Жетелесін, дос-үміт,
Дәйім нұрлы таң атқай.
Егіз жүрек қосылып,
Бір соқсыншы сағаттай.
Жүрші шат боп, шадыман,
Жаның-жомарт, жүзің-нұр.
Жүрегімнің бағынан,
Үзіп берем жүзім жыр.
Сенсің мендік өңірдің,
Төсінде өскен қызыл гүл.
Айдыныңда көңілдің,
Аққу бейнең жүзіп жүр!.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter