Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  76


Автор: Мырзатай Болат

АРМАН КҮНДЕР

Алыс қалған жастығым жадымда әлі,
Жадымда әлі бұрқасын, дауылдары.
Туған жердің ой-қырын шарлаған кез,
Жадымдасың алыптың адымдары.
Қайырмасы:
Жадымдасың, жастығым арман – күндер,
Қиындықтан таймаған тарлан күндер.
Туған жердің төсінде мәңгілікке
Мұнара боп шаншылып қалған күндер!
Жадымдасың, жастығым, қайран күндер,
Ерен еңбек, от жалын, сайран күндер.
Алпыс бірдің шілдесі, жадымдасың
Жетібайдың атағын жайған күндер.
Қайырмасы:
Мұнаралы жастығым – сағынышым,
Сені ойласам кетеді жанып ішім.
Қол бұлғаған алыстан алау-күндер –
Маңғыстаудың сөнбейтін жарығысың!..
Қайырмасы:




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу