Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  105


Автор: Мырзатай Болат

СУЫҚ ТОРҒАЙ

Аяғы қыркүйектің шығып болмас


Апырай, келіп қалды-ау суық торғай!..
Жаз кетті жадыраған апыл-ғұпыл –
Артында бір нәрсені ұмытқандай.
Қабағы жадау күздің суық қандай,
Келетін биыл ерте суық бардай.
Басылар жынды желдің түрі жоқ қой –
Жан созған жапырақты жұлып болмай!..
Отырмыз күн райын біліп болмай,
Топтанып ұшты тағы суық торғай.
Базарға кеткен балам көрінбейді –
Жем болған саудагерге шыбық борбай...
Барады аспан-жерден сұрық қалмай,
Қара жел құтырып тұр жыныққандай!..
Жүрегім – суық торғай қалтырайды –
Бір пәле қанатынан қырыққандай!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу