Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  186


Автор: Оңайгүл Тұржан

Бұлттары тауды жаншыған...

Бұлттары тауды жаншыған,
Жауды бiр жаңбыр тоқтамай.
Секiрген мың сан тамшыдан,
Жер бетi қайнап жатқандай.
Найзағай көкте жарқ етiп,
Бiр сәтке түндi жоқ еттiң.
Балтыры сынды жалт етiп,
құмырсқа белдi балеттiң.
Дауылдан дiңi бүгiлiп,
Ағаштар салды байбалам.
Шатұр да шұтыр жүгiрiп,
Аспан ғой отпен ойнаған.
қай жаққа барып құлады,
найзағайлардың қамшысы?
Бетiне түннiң құлады,
Жаңбырдың соңғы тамшысы.
Содан соң
Түннiң қонағы,
Аппақ ай қалды аршылып,
Топырлай,
Тоңып барады,
Толқындар түнге малшынып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу