Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.07.2022
177
Жердiң үстi түгел сөз, жыпырлаған...
Жердiң үстi түгел сөз, жыпырлаған,
Содан, сiрә, шаршаған мұқым ғалам,
Содан, сiрә, азайды сезiмi де,
Қан майданда жүрiп те ұтылмаған.
Жетегiме таулардан бұлақ алып,
Бiр-бiрiне бұлттарды құрап алып,
Сезiмiне ғаламның дем саламын,
Химиядан оттегi сұрап алып.
Өрт болмаса, ол сезiм от алар ма?
“Жанам” дейдi ол
кейде қыс қақағанда.
Аттанамын ондайда дауылдардың,
Даусындағы үскiрiк ноталарға.
Ал кейде,
Сәт берсе деп самала таң,
Оятса деп сезiмдi дара да паң,
Махамбеттiк жырлардың iшiнде мен,
Қара нарды жетелеп бара жатам.
Мен шыныққам сүйреп сөз-кемелердi,
қайта қосып, келтiрiп керегемдi.
Ерлік атты рухқа жетсе Әлем деп,
Екi өкпемдi ап, жүгiрiп келем ендi.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇