Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  187


Автор: Темір МЫҢЖАС

КҮН НҰРЫНДАЙ ҚУАМЫН КӨЛЕҢКЕНІ

Өзімшілдік ойың мен санаңды алып,
Сөздерің де кетіпті жалаңданып.
Түкке алғысыз өзгелер, сен болмасаң,
Құритындай дүние қараң қалып.
Көрмегендей тырбанған жан баласын
Ел алдында еңбегін малданасың,
Келгендей-ақ Құдайдың қолын алып,
Өз-өзіңнен шалқақтап мәз боласың.
Сыртың жылтыр болғанмен, ішің түтін,
Танытам деп әуресің іскер пішін.
Бұлданасың, өзіңше тұлданасың
Өмір сүріп жүргендей біреу үшін.
Мұқалта алмай мендегі асқақ үнді,
Зәріңді төк, құра бер қақпаныңды.
Күн нұрындай қуамын көлеңкені,
Тіреп тұрсаң, тастай ғой аспаныңды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу