Өлеңдер ✍️

  15.07.2022
  666


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Болса да бүгін бас аман...

Болса да бүгін бас аман,
Көңілім неден босаған.
Күнәм көп біліп істеген,
Күнәм бар білмей жасаған.
Тосқанда өмір сынағы,
Тұрғанда жетпей шыдамың,
Басқаға артсаң кінәні,
Боласың содан күнәлі.
Айтсаң да кейде жорта сын,
Құдайдан, бірақ, қорқасың,
Мойынмен бәрін көтеріп,
Азабын кейін тартасың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу