Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  86


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Мұсаны тәттіні алмай, от жалаған....

Мұсаны тәттіні алмай, от жалаған,
Жанымен жақсы көрген Хақ-тағалам.
Бөленіп мейірімге сан пайғамбар,
Бір сәт те тарих көші тоқтамаған.
Сақтаған Алла жерді жарылыстан,
Исаны зеңгір көкке алып ұшқан.
Жақсылық адамзатқа жасаймын деп,
Жүздескен Мұхамбетпен сағыныштан.
Сондықтан мұсылманның үмбетіне
Шапағат жаудырсын деп күнде тіле.
Жақсылық дәнін егу жер бетіне
Жатады адамдардың міндетіне.
Сарғайған сағыныштан күзгі ормандар,
Сақалын жасы жуған ізгі жандар.
Алланың лайықты құрметіне,
Артында үлгі қылар із қалғандар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу