Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  422


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Сәлем – сөздің анасы

Білуге тиіс жұрттың кәрі-жасы,
АссалаумаҺалейкум ! –
Сәлем басы.
Кішіліктен көрінер айнадайын
Саған деген кісінің ықыласы.
Ұлы келсе – атасына,
Қызы келсе – анасына,
Жауынгері – қолбасшыға,
Шәкірттері – данасына
Сәлем берсе – сол дұрыс.
Қонақ келсе, қолын ал таппай тағат,
Сәлем беріп, сәлем ал – болар сауап.
Ілтипатын көрсеткен мұсылманға
УаҺалейкумассалам! –
Дұрыс жауап.
Жасы кіші – ақсақалға,
Аттылысы – жаяуларға,
Келген кісі – отырғанға,
Саны аз кісі – көп адамға
Сәлем берсе – сол дұрыс.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу