Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  60


Автор: Нұрмұханбет Боранбаев

ӘР КҮННІҢ ЖЫЛҒА ТАТЫП АҒЫСТАРЫ.

Татпаған тағдырынан шырын-бақыт,
Талайсыз тазы-тірлік кырын кетіп,
Тәрк етіп көкек-ана барады әне,
Бөбегін тастанды қып шырылдатып.
Өтеді-ау, ендігі өмірі өкінішпен,
Өксиді қайран сәби бекіп іштен.
«Анашым қайда жүрсің,
аймалашы»,
Деймісің үздігіп бір өтінішпен.
Телміріп босағаға сағынышпен,
Сырғиды өгей күндер жалынішкен.
Бейтаныс жолын тосып
жолаушының, Анам,-деп іздейсің
бе, жанып іштен.
Әр күннің жылға татып ағыстары,
Өмірдің мүнша неге карысқаны?
Кей-кейде қариялар бата берсе-
Перзент дер өмірінің жарық шамы.
Дәуірдің татқан талай отты лебін,
Қарттарым ағытатын ақ тілегін,
Иіліп тағзым етсе келіндерге,
Ұлды бол, ғұмырлы бол, деп
тілегін.
Жалғайтын ертеңіне кешегісін,
Бір тайпа ел бір ұланнан өсері
шын,
Бір көшет бұтақ жайып бәйтерек
боп,
Көгертсін мынау елдің көсегесін.
Қарғам-ау, айналайын қарашығым,
Жүректің сыздап жатқан жарасы
мың,
Тонады-ау, желөкпелер
бойындағы,
Тағдыры сый ғып тартқан бар
асылын.
Тонады бойындағы бар асылын,
Талақ қып табиғаттың жарасымын,
Бүйрегі бүлк етпестен кете барар,
Зарлаған үнін естіп баласының.
Тастанды тағдырыңа наламысың,
Уылжып у ішкендей барады ішім.
Жүрегің шерге толып шемен
болар,
Ойласаң бейбіт күннің жаралысын.
Болса да жігер күрыш, болат
жаның,
(Арманның ассаң да асу сан
шатқалын,)
Анаңның мейірімін көрмесең де,
Сенімді адамзатқа жоғалтпағын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу