Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2022
174
СОЛ ҚАЙҒЫ
Көп жаздым махаббат жырларын,
Ол саған арналған емес-ті.
Тағы да жүректі тыңдадым,
Кеудемде сезімдер егесті.
Жүргенде басқаны армандап,
Бір ойлар бір ойдан әрі ұшып.
(Қызық-ау өзіңе таңданбақ),
Қалыппыз сенімен табысып.
Бұл жүрек сені ойлап тағы да,
Сезбеді өзгені, ұмытты.
Сіңген бір әдет пе қаныма?
Бір демде сөндірді үмітті.
Көп жаздым қызға арнап өлеңді,
Жазғам жоқ, о, сәулем, сен жайлы.
«Жазбаспын, – деп едім, – мен енді»,
Тағы да жаздым ба – сол қайғы!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇