Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  363


Автор: Ғафу Қайырбеков

БАҚЫТ ТУРАЛЫ ДАСТАН

Партия программасына
Партия-ең ұлы бір ақын маған,
Қолында халық берген алтын қалам,
Сол қалам жазып шыққан əрбір жолдан
Адамзат болашағы жарқылдаған.
Оның зор тақырыбы-жырламағы –
Адамның бақыты мен нұр қадамы,
Бастаған өз дастанын аяқтауға,
Ленин бізге берген бұл Дананы.
Партия, өзіміздің партиямыз,
Əлемнің болған бүгін халқына аңыз.
Сенгенбіз, əр күн сайын сенудеміз
Ильичке, оның берген антына біз.
Тағы да оқылық біз ғажап дастан,
Əр жолдан, əр əріптен көз алмастан.
Бар əлем бір-ақ күнде оқып шыққан
Дəл мұндай жазды кітап қай данышпан?
Жазған жоқ, жазбайды ешкім демі шағын.
Кеңіткен ел төбесін, ел құшағын.
Күш қана жазады оны, ер Титовты
Оралтқан он жеті орап жердің шарын!
Бұл дастан – Бақыт дастан, Өмір дастан,
Алғы күн аңғарына көзіңді ашқан.
Жіберді ол жеңіске орап, жеңіске орап
Күн сайын адымымды өзім басқан.
Бұл дастан жояр жерден дұшпандықты,
Жомарттық шығыр қуып іштарлықты.
Бұл дастан қастерлейді адамдықты,
Өмірге, татулыққа құштарлықты.
Партия – ең ғажайып ақын маған,
Қолында халқым берген алтын қалам,
Ол жазған əр əріптен қасиетті
Алдағы асыл күнім жарқылдаған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу