Өлеңдер ✍️

  10.07.2022
  94


Автор: Ғафу Қайырбеков

Кім көрген Байынқолдың салтанатын...

Кім көрген Байынқолдың салтанатын,
Жан болса мен көрдім – деп айта алатын,
Көргенің соның ғана тыңдай салып,
Атының басын бұрып қайтады ақын.
Өйткені құдіреттей шабыт керек
Есесін көргеніңнің қайтаратын.
Базардың байғұсындай көңіл құрсын
Пұлы бар бір-екі уыс шай табатын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу