Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  71


Автор: Марфуға Айтқожина

ҚАУЫМДАСТЫҚ

(Дүниежүзі Қазақтарының Құрылтайына)
Тағдырдың көлін кешіп,
Тауын да астық,
Сонымен кетті-ау өтіп, жалын жастық...
Жүзінде бүкіл дүние жалғыз ат бар –
Ол, Елбасы басқарған –
Қауымдастық!
Жырыма арқау болған менің асыл,
Байтақ – ел,
Заңғар – таулар, көлі – жасыл.
Ағылып жыл құсындай шартараптан,
Қазағым, Құрылтайға келіп жатыр,
Ерлігіңнің арқасында сенің батыл!..
Қазақтық қанға біткен қайсар-екпін,
Бұл шақта, биіктерге бой теңелттің.
Келді ғой, бауырластар, қиырлардан,
Бұтағын саялауға Бəйтеректің!
Айыққан алаңдардан таза көңіл,
Ешкімге күнім түспес, ғажап өмір!
Қызықтап қарап отыр жердің жүзі,
Басына бағы қонған –
Қазақ елін!
Желкендей желбіреткен батырларды,
Жалғандық, білмейтұғын жасырғанды –
Тəуелсіз қазақ деген ел боламыз,
Арманға қолы жеткен ғасырларғы!..
Берген соң көңілдерге уақыт тыныс,
Жан баққан жайымыз жоқ, жатып тыныш.
Ағылып келеді жұрт, Астанаға,
Елдері барлық əлем, Батыс, Шығыс!
Қарамай бастан кешкен дауылыңа,
Жеттің ғой, Атамекен, ауылыңа!
Астана құшақ жайып бауырласын,
Мейірлене қысады бауырына!
Тағдырдың тартса дағы азабын мың,
Шомылып, шуағына таза күннің –
Қарсы алып тұр-ғой бүкіл бауырласын,
Мерейін аспандатып қазағымның!
Тағдырдың көлін кешіп, тауын да астық,
Сонымен кетті-ау өтіп, жалын жастық...
Жүзінде жер-дүниенің жалғыз ат бар,
Ол, Нұрекең басқарған,
Қауымдастық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу