Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.06.2022
194
АҚ ГҮЛ
Үйімнің сəнін сонша асырып бір,
Төрімде ақ раушаның ашылып тұр.
Аппақ гүл,
Аққу жүрек,
Арман – аспан,
Тағдырға болмасыншы, асылық бұл!
Аппақ гүл, таң нұрындай ашылып тұр,
Ашылып тұр,
Көзге оттай басылып бір.
Тастады тебірентіп ақын жанын,
Көрмеген оқырманнан жасырып сыр.
Өмірді жақсы-жаман саралап мың,
Қанатын отыр жырмен
Тарап аққу.
Бейне бір пəктігіңнің белгісіндей,
Гүл сыйлап,
Өлең сыйлап, бара жаттың!..
Жеткізіп тілмен бəрін айта да алмас,
Сезімнің толқындары-ай,
Қайталанбас!
Өмірдің бəрі дағы періштедей,
Аққу мен,
Аппақ гүлдей болса жалғас.
Айтпай-ақ, жеткізгендей пəктігің бұл,
Үлбіреп, оранып тұр,
Ақ гүлің жыр.
Маңына жұпар сепкен ақ раушанның,
Жамылып жапырағын,
Жатты ғұмыр...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇