Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.06.2022
565
БАТЫРЛАР
Өңгеріп өзендерін орғып аққан,
Жоңғарды қуып тастап,
«Орбұлақтан» –
Ес болған қалың елге,
Ескелді би,
Қарап тұр Балпық батыр, қалғымастан.
Ел жайын, толғап өткен заман жайын,
Қарайды «Үйгентастан»,
Қабанбайым!
Қас батыр, қамал алған,
Қарашы енді,
Дүбірлі тосып жатыр,
Далаң дайын!..
Құрандай қастерлеген ана тілін,
Алатын қас жауынан, жан ашуын –
Тынбайтын дегеніне қолы жетпей,
Қыран мен
Батырлардың даласы бұл!
Қолыма қалам алсам, ойымда өзің,
Қорғаған жаудан
Іле, бойында елін...
Тəу еткен аруағына қалың қазақ,
Жатыр ғой, Алматымда,
Райымбегім!
Қашан да айбын болған атың маған,
Қолдасын аруағың,
Батыр бабам!
(Тұрғанда Нұрекеңдей ақылды ұлың,)
Басыңа орнамайды ақырзаман!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇