Өлеңдер ✍️

  27.06.2022
  84


Автор: Марфуға Айтқожина

КҮН НҰРЫ КЕЛЕ ЖАТЫР ҚОЮЛАНЫП

Сұқтанбадым сол кеште
Сүйсіндім мен,
Сүйсіндім де сырластым тілсіз мұңмен.
Тілсіз мұңым жүрекке əмір етті,
Күндеріңді ұмыт деп,
Күйсіз жүрген.
Күндерді ұмытармын күйсіз жүрген,
Үрейленем,
Үндемес,
Жырсыз күннен.
Жырсыз күндер жүректі жүдетеді,
Ал жүрегім жүдесе –
Тілсізбін мен.
Кім бар дейсің бұл кезде тыншып жүрген,
Тынышы жоқ заманда –
Сыңсиды іргем.
Алаңдығы арылмай мынау елдің,
Қасіретін бөлісіп тұрсың бізбен.
Адал тері маңдайдан тамшылаған,
Сеніп отыр өзіңе сансыз адам.
Арқалаған зор үміт азаматсың,
Намыс оты жаныңды қамшылаған.
Сырт көздер де өзіңді бар сынаған,
Сын көтермес, емессің.
Əлсіз адам.
Жүрегіңнің қағатын күй пернесін,
Саған лайық,
Серім-ау,
Əн сұранам.
Ол да жақсы,
Сезімнің шегін білген,
Жарылыстан қақырап,
Сөгілді іргем.
Халқымменен қашан да тағдырласпын,
Халқымды ойлап,
Шерлі əуен төгілді үннен.
Ұққан сайын ел-жұртым,
Ойымды анық,
Келе жатыр күн нұры қоюланып.
Қыраныма тілейін талмас қанат,
Ел қуансын,
Арманы орындалып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу