Өлеңдер ✍️

  27.06.2022
  124


Автор: Марфуға Айтқожина

ЖҮРЕКТЕРГЕ ЖҮДЕГЕН ЖЫЛУ БЕРІП

Өмір деген болар ма мұнша сырлы,
Тарап еді бір кезде мұң шашымды.
Жүректерге жүдеген жылу беріп,
Жүздеріне жандардың нұр шашылды.
Нұр шашылды шыңдарға,
Аспанға да,
Ақша бұлттан кірпігін ашқан жаңа.
Қызғалдағын көтеріп бара жатыр,
Қашаннан бір жаңалық тосқан дала.
Бір жасарып жанымыз жаңалықтан,
Бойымызға барады
Таралып қан.
Сабырлығын сақтаған таулар ғана,
Бойын биік ұстап тұр даналықтан.
Алатауым биік тұр басқалардан,
Бүгін бір дүр сілкінтіп басталар ма əн.
Күтіп отыр көп үміт Президенттен,
Əр кеудеде дүбірлеп асқақ арман!
Шығара ма деп,
Шыңға табыс үнін,
Сайлады жұрт,
Президент Əбіш ұлын.
Халқыменен бұл кезде көп кеңесіп,
Сəттілігін күтуде əр ісінің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу