Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.06.2022
182
ҚАЗА
Сол сәт сынып, үзіліп қалмағансын,
Түсер бір күн жаныштап, арға бар сын.
Қателігің қаумалап әлеміңді,
Жүргеніңе әлі күн таң қаларсын.
Әуелкіде әрнеге алданарсын,
Жұбатқанға жуасып жан бағарсын.
Өзіңе-өзің келген соң ақырында,
Аңырап қалғаныңды аңғарарсын.
Күн көрмессің құмарың қанбағансын,
Іштей дәрменсіздігіңе шамданарсың.
Еһ, иттей талаған тағдырыңды,
Қай жағыңнан алар деп, қамданарсың?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇