Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  89


Автор: Сұраған Рахметұлы

Қан айналады уақытқа еріп...

Қан айналады уақытқа еріп,
Сені ертіп.
Аппақ ай қызарып батады оймақтай ерінін
Кезертіп.
Ақ үрпек еркіндік асқазаннан
Құлап өледі,
Иесі киесіз көзін безертіп.
Боз қыраулар ши басын шырмап
Аруақтардай,
Көл-көсір дауыл соғады шаңырақтан
Жай.
Бүгінгі қоңторғай тірлік сілкіне ұшады Әрең,
Мезгілсіз құс қайтқан мамыр-ақпандай.
Сенімдер сенімнің соңынан маңырап
Қалмай,
Табақтың түбін тамшы тырнайды...
(Көк тастың бетін нәлі қапқандай!)
Жездің ұшында тағдырлар аунап
Аһ ұрар тұста,
Жердің тамырын сорған пенделер
Арық аттардай.
Рухым аспан төрінде, түсің жүр соны
Балақтап,
Сан мыңдаған жұлдыз қонады жолыңа
Қаптап.
Жүрегің күйреген ел секілді алай да дүлей,
Үскірік соғады суық, долы қабақтан.
Басталған сүрлеулер бітеу, жүз мың
Шығырық,
Өткен-кеткеннен көресің сұрықсыз күздің
Сыбырын.
Сүлдерің ілбіген саған күлкім
Келеді,
Сүреңі әлсіз, сүрлемі тығырық...
– ?...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу