Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  118


Автор: Қасымхан Бегманов

Балдай тәттi әлдилеген бiр мұңмен...

Балдай тәттi әлдилеген бiр мұңмен,
Елес қуып жер бетiнде жүрдiм мен.
Қайта оралмас он сегiзбен,
алтыным,
Тауға қарап өзiңдi ойлап тұрдым мен.
Уақыт айтар бақытты кiм,
мұңлы кiм,
Күреңбелде сүйiп өстiң қыр гүлiн.
Сенсiз өткен жиырма жылым өтiрiк,
Сенсiз менiң өткен емес бiр күнiм.
Ақша бұлттар iздеп бiрге жыласын,
Мейлi көктен найзағайлар құласын.
Асылым-ау,
қайда барсам алдымда,
Елес боп кеп, күлiмсiреп тұрасың.
Бала бейнең шықпай қойған тегi естен,
Ойлай-ойлай жұлдыздармен теңескем.
Бiр адамға айналдым мен бүгiнде,
Бiрте-бiрте сол аяулы елеспен.
Үзiлерде жанарымда жатар мұң,
Қамығармын,
қайғылы ойға батармын.
Ең соңғы сөз айта алатын хал болса,
Жаным, сенiң есiмiңдi атармын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу