Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  96


Автор: Жангелді Немеребай

Жасыдым рас, жасыдым рас кей күндер..

Жасыдым рас, жасыдым рас кей күндер,
Көңіліме адал қаяу түсіріп бейкімдер.
Сондықтан болар ақынның нәзік жүрегі,
Шуағын күннің сендердей аңсар-ей, гүлдер!
Жасыдым неге, жасыдымнеге таңдарда,
Жандарға кейіп, қуыныш құсы самғар ма?
Отырам кейде ұйқымен түнгі алысып,
Балконнан қарап, сөнбеген үміт шамдарға.
Ал, бірде тасып, келгендей болам «тараптан»,
Шуағын шашып тұрған бір сәтте қарап таң.
Өмірдің мынау саналуан құбылыстарын,
Жыр ету үшін ақын қыла ма Жаратқан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу