Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  105


Автор: Жангелді Немеребай

Осынау нулы өмірде қалың тоғай...

Осынау нулы өмірде қалың тоғай,
Келген көп сындырғысы сағыңды оңай.
Досың да, дұшпаның да маңайыңда,
Сөнерсің, лауламасаң жалындап-ай.
Мына өмір өрмекші - өмір тор құрылған,
Алдамшы әртарапқа жол бұрылған.
Тасадан тас атқандар доспын дейді,
Өтірік сүйеген боп қолтығыңнан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу