Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  115


Автор: Мәди Қайыңбаев

ДӘУРЕН-АЙ...

Бүгін де істер жұмыс ерек, іс ерек, –
Əйтпесе ғой... өкіртіп бір ішер ек –
Ана жылы кірген кездей Жарасқан
Аграрлық партияға мүше боп.
Жолымыз да бүгін сара, шуақты, –
Əйтпесе ғой... өкіртер ек бір ақты –
Жарасқанды Компартия шеттетіп,
Мүшеліктен шығарған жыл сияқты.
... Гүлді парк. Кіргендей боп енді есім,
Ал, сөйлейін, Жəкең-дағы сөйлесін!
Сықпыртайық безеп тұрып саусақты,
Лениннің гүлден соққан бейнесін!
Мазақ қылып, малынып тал шуаққа,
Қызыл шие жүзіп өтті бұлақта.
...Ал, Жарасқан жол жүрді де асығыс,
Сол кеткеннен оралмады бірақ та...
Тəуелсіздік бөктіріп нұр-шуаққа,
Зырлап жатты бір аптадан бір апта.
Қуаныш көп... мəре-сəре барлығы,
Қуаныштан іше алмадық бірақта...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу