Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.06.2022
151
Қара жолдағы керуен...
Қара жолдағы керуен,
Бағым деп бiлем сенi мен.
Курчатов келiп сынаған,
Полигонды да жеңiп ем.
Өнердiң өзек кiндiгi,
Семейiм, биiк түндiгiң.
Алысқа таңым жол салып,
Өзiңде туды күн бүгiн.
Шығыстан шығып таң нұры,
Темiржол – тiрлiк танымы.
Ұлылар мекенiндегi
Өнердiң күретамыры.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇