Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  171


Автор: Серік Тұрғынбеков

АУРУХАНА ТӨСЕГІНДЕ ТУҒАН ӨЛЕҢ

Созылып неше сағат, неше күнге,
Жатырмын аурухана төсегінде.
Бәлкім, бұл жан-жүректің сілкінісі,
Жоқ әлде бейнетім бе, кеселім бе?!
Таласып, тайталасып, һәм тақасып,
Қайтты ғой талай-талай меселім де.
Көп көрдім қызықты да, шыжықты да
Керуен – кең дүние кешенінде.
Үйрендік мақтауға да, даттауға да,
Қоса естіп сыпсыңын да, өсегін де.
Аурудан содан кейін аман қалмас
Мелшиген миғұлаң да, мешелің де.
Жан – дімкес,
Тән – жарадар,
Көңіл – науқас,
Жүргенмен тірілердің есебінде.
Бұл дерттен айықпаған пайғамбар да,
Құтылып кете алмаған көсемің де.
Ешкімге арызданбай, қарызданбай,
Өзім-ақ барайын ба осы өлімге?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу