09.06.2022
  90


Автор: Мерғали Ыбыраев

Бозайғыр

1.
Ер бопты дейтін әкем – баяғыда,
Жуанбел және жуан таяғы да.
Дүр кезде дүркіретіп жылқы ұрлаған,
Даугерін отырғызбай аяғына.
Қыз аңдып, қымыз ішіп, бозбастапып,
Көрмеген жас болса да жә, жасқанып.
Қиянды қиқу жетпес түнде торып,
Жапанға жата кеткен ер жастапып.
Бір жазбай аш бөрідей дара күйден,
Әр тұсқа салық салып, оба да үйген.
«Бар екен Бұғылыбайда үш мың жылқы,
Буданды, асыл тұқым арабимен».
Дегенді естіп жігіт айыл тартқан,
Тақымда қара шоқпар – қайың қатқан.
Көп болса, аттың тері бір-екі айлық,
Баруды тәуекел ғып – ойы ұнатқан.
Естіген: «Жылқыларын кісі бақпай,
Жұрт түгіл, жыртқыштың да тісі батпай,
Жатады жайын жылқы бырдай болып,
«Саркөлден» суға қанып үш уақыттай».
Кеу-кеулеп! Жау тимеген соған әлі,
Бай екен қарық болған қағанағы.
Малымның «киесі» деп қадір тұтқан,
Бозайғыр бастайды екен көкаланы.
Созайғыр ел құрметтеп «ие» білген,
Араби асыл тұқым сүйегінен.
Бозайғыр үстіндегі кісіменен,
Дейді екен теңеседі түйе мінген.
Ұсынсаң қол жетпейтін шоқтығына,
Көз жетпес – аштығы мен тоқтығына.
Сұпыдай сұлу, таза жануардың,
Сәулемен көз қарыққан ақтығына.
Ақ түстен келе-келе бозаң шыққан,
Төрт тұяқ тиген жерден тозаң шыққан.
Кекіріп, кеңірдектеп қымыз ішіп,
Қосбасы ұзамаған – қазандықтан.
Күзет жоқ, күз болмаса жаз айында,
Үш мыңның салмағы жоқ ағайынға.
Жайлауды жатады екен қан сасытып,
Май жұтып мал иесі малайы да.
... Ақбуырыл сақал жапқан жүзін қаулап,
Қып-қызыл иегімен қызыл қаужап.
Малмаңдап мал иесі тер сасыған,
Саудырап үстіндегі құлын жарғақ,
Буылтық тері шалбар бұтындағы,
Бүркіттей қомағайлау жұтынғаны.
Жетпісте қырқа матап, қалың беріп,
Қолына құс қондырып қутыңдады.
Осындай Ьозайғырдың «Байекесі»,
Бір жұрттың тізгін ұстар, ел әкесі.
Ат майын ағайыннан аямаған,
Өзінше бұзылмаған берекесі.
Бұғылыбай үш мың біткен – кәрі де осы,
Ұрының бетке алған әлі де осы.
Әкелген бір ғасырды көз алдыма,
Әкемнің қолындағы «кәрі досы».
2.
Көп күндер талғажу ғып құр үмітті,
Ай жортқан айдалада – ұры мықты.
Сам батып, жұлдыз туа жалғыз атты
«Саркөлдің» ық жағына ілігіпті.
Батысы балық төбе, жоталы бел,
Алды өлке – қалың қамыс, қопалы көл.
Әр тұста от жылтылдап, тииері үрген,
Сірескен «Сарыкөлдің» етегі ел.
Дем тартып, иіс сезіп, тың-тыңдаған,
Көп тұрды дөң басында сырқынды адам.
Желп еткен жел лебіне құлақ тосып,
Жұтынса жұтқыншағы бұлтыңдаған.
Жабысып ат жалына тыпыр етпей,
Жасаған тастан қашап суреттей.
Сыр түйіп, Саркөл жақтан сарын аңдап,
Тесіліп тұрып алды ұры кетпей.
Соғарын іші сезіп желі оңтайдан,
Сарала шақшасын ап көп ортайған.
Еңкейіп ер үстінен насыбай сап,
Жымқырды астыңғы ерінін – сәлтомпайған.
Тұрды ол ендігі ісін ойға салып,
Жұрт жатпай жылқы алу – далбасалық.
"Қапсысыз түн ортасын тосайын" деп.
Арқасын асықпапты кеңге салып.
3.
Шақ екен үркер туған тас төбеге,
Ұйқы не, өзіұрыжаснемеге.
Келіпті салып-ұрып аш қасқырдай,
Қарайлап ес тоқтатпай ештеңеге.
"Таптым деп жылқы бетін дұрыс қалай?!
"Күмп" берген басқа жаққа жылыстамай.
Жас көкті пыр-пыр етіп жүре шалып,
Жылжығанқалыңжылқықұмырсқадай...
- Бағынып, бас ұрсамда "Байекем" деп,
Бермессіңқотыртайды бала екендеп.
Бір үйір қысыраққа жиендігім,
Татиды тақсыр–еке, тәуекел деп.
- Жолын бер жортуылдың, а құдайлап,
Кетіпті бөліп алып, қуып, айдап.
Қыр асып, темңрқазық бетке алған соң,
Шет-шетін шоқтай қылып, бірыңғайлап.
Аздан соң жұлдыз сиреп, айда батқан,
Түріліп таңның түсі сарқабақтан.
Жылқыалған жалғыз ұры ұзай берді,
Ащы тер тебінгіден сорғалатқан.
Қызарып күнде шыққан – дүниекеңіп,
Ашылып айналадан дүрия – көрік.
Су-сылдыр, жапырақ – сыбдыр, құстар ду-ду,
Жасаған табиғатқа күн иелік.
Тағы бір жотаны асып, белең етіп,
Қайқаңға көтеріле жаңа жетіп.
Бір сәтте тізгін тартып тұра қалған,
Жат дүбір сарынына елең етіп.
Астында тыңнан мінген Қарақасқа ат,
Қорғанбай көп болса да жағаласпақ.
Шешіп ап шекпенінің бір жақ жеңін,
Түріңді түкті қолын жалаңаштап.
Кетіпті қалың жылқы шатқа құлап,
Болмайды майдан бермей жатқа бірақ.
Шорт байлап тақыр басын орамалмен,
Түкірді алақанға шоқпарын ап.
Қарғытып қаракерді, шыр айналып,
Қанталап екі көзі, ылайланып.
"Ұрысқа иек артпа қолайлы" деп,
Тосыпты тар қолтықтан, былай барып.
Қараса көз айырмай құба белден,
Жат дүбір қуғыншы емес, қуа келген.
Жалбырап қалың жалы күнмен ойнап,
Арқырап жалғыз айғыр шыға келген.
Рулы ел, ұрымдағы халық білген,
Бозайғыр осы екенін танып, білген.
Көз салып, ер үстінен мойын созып,
Ұрының көңіліне қауіп кірген.
Ошақтай төрт тұяқты дала сүйіп,
Кеткендей кеңсірікке бала сыйып.
Қырындап тұра қалған, билеп басып,
Тұқыртып қаз мойынын доғаша иіп.
Қыздырып қара темір – салғанмөрді,
Санында "шөміш" таңба – Найманбелгі.
Ұрыны шыркөбелек үш айналды,
Жекпе-жек шақырғандай майданға енді.
Тіл бітсе сөйлер еді пенде құсап,
Арам тер болма дер ед өңге құсап.
Болғанда сенде сойыл, қара шоқпар,
Төрт тұяқ тіліп түсер – мендепышақ.
Перзенті екеумізде кең даланың,
Сүмелек ұрылардай болма жаным.
Күрек тіс қыршып түссе қыр арқаңнан,
Қор болып қала ма деп қорғанамын.
Тұлғаң-ай! Сұп-сұр болып түсің қашқан,
Жалынды жас екенсің күшің тасқан.
Елің тап, аманыңда бас сауғала,
Артыңда қуғыншы бар тісін басқан.
Қосарға ап кілең жүйрік, ат парлаған,
Келеді оншақтысы "Аттандаған!"
Сен тіпті мен білетін ұры емессің,
Байқаймын... Бас шайқамай тоқтал маған.
...Тіл бітсе сөйлер еді, сөйлер еді,
Алыспай айтқаныма көн дер еді.
Бөгемен алдың ашық, жолың болсын,
Бөгеме, дер-ақ еді сен де мені.
Артыңда анаң бар-ау алаңдаған,
Жапанда сені күтіп салаңдаған,
Жалғызы болармысың сен біреудің,
Жалғызға жақсы басты амандаған.
Кекілін сілкіп тастап, қалқалаған,
Жанарын бір төңкеріп қанталаған.
Дегендей, оқыранып жер тарпыды,
Бол енді! Жауың жетер анталаған.
Алды-артын жас ұрының орап, қалмай,
Бозайғыр осындай бір сөз айтқандай.
Тап бермей, біразырақ ойқастады,
Табиғат тәкаппар ғып жаратқандай.
Көрмеген тар кезеңде ол қатты егіліп,
Тап берді, қапталдасып-ат тебініп.
Айғырдың басын кезей сілтеп еді,
Кетті ұшып, ұзын сойыл қақ бөлініп.
Қалғанша екінші рет қатты ұрып,
Бір сілкіп, сұлу басын жалт бұрылып,
Жығылмай, жымырып ап қос құлағын
Жануар жөнеліпті – қалтқұбылып.
Ізіне ұры түссе шырақ алып,
Бозайғыр тепті, "омпа" тұра қалып.
"Қарш" етіп, ауыз салып, шырқ айналып,
Айқасты хас батырдай бұ дағы анық.
Бағынған Бозайғырдың айбарына
Ұрының жылқы көнбей айдауына
Ол әрі, айғыр бері қайырады,
Жалт беріп, бұрса дағы қай жағына.
Бірі – адам, бірі – хаюанбақталасып,
Алалмай бірін-бірі, көп таласып,
Жүргенде, қуғыншылар дүбіріне,
Екеуі тұра қалды жалт қарасып.
Жалпылдап етектері, есі кеткен,
Іш қайнап, кегі кеткен, өші кеткен,
Көтеріп сойылдарын, айбар атып,
Қиқулап қуғыншылар жосып жеткен.
- Әне ұры!
- Жапа-жалғыз, айдан анық,
- Құтылар дейсің сорлы қайда барып.
Босбелбеу, болбыр қарын күпілдектер,
Әкетпек болысты оны байлап алып.
Қайт-қайт! – дептап берген соң қуғыншы анық
Кірді ұры ортасына жұлдызша ағып.
Жабысып ат жалында, шырқ айналып,
Құлатты төрт-бесеуін бір-бір салып.
Жан-жаққа кетті ұшып шоқпары да,
Ойнақтап шыға берді аттары да
Тарбиып жатыр бәрі тасбақаша,
Ес жиып, етек жайған жоқ тағы да.
Болымсыз "мырс" етті де таңданғандай,
- Жүрейін деді ұры жолдан қалмай.
Ағытып тымағының құлақ бауын,
Шіренді үзенгіде қомданғандай.
Желпініп, жүріп кетті – бұлаңқұйрық,
Жеңісі жүрегіне бір ән құйып.
Алды сай – алғанжылқы иірілген
Оң жағы оқшау біткен - "Жыланбиік".
Тебініп, астағы атын тайпалатты,
Ентігіп, ет қызумен байқамапты.
Салдырап екі қары сал болғандай,
Шошайып шыққан иық қанталапты.
Орап ап сол иығын жеңге демеп,
Қисайып отырды енді-ерге бөлек.
Сол сәтте іші-бауырын солқ еткізіп,
Сарт етті ту сыртынан әлде не кеп.
Ұрыныңқанықашқан, сұрқы кетіп,
Бір сілкініп қалғанында ырқы кетіп...
Бозайғыр жас ұрыны жұлып алып,
Тізерлеп, шөге кетті«пыр-пыр» eтіп.
"Yп" eтiпақ самалынбeciнқұйса,
Желбіреп дал-дұл шапан-жасыл сиса.
Жаншылып жатыр екен зіл салмақтан,
Ақырын көзін ашып, eciн жиса.
Бозайғыр тұрар емес -жанды сығып,
Бос қолды қынға апару -соңғы үміт.
Қарманып, қосөкпенің тұсы ғой деп,
Кездікті«қорс» eткізіп алды сұғып.
Босады кеуде жағы epкін, ептеп,
"Ұф" деп! тыныс алды салқын леп кеп.
Дір етіп, "қап" дегендей басын cілкіп,
Бозайғыр тұрып кетті тәлтіректеп.
Қолтықтан қаншүмектеп, сырыл қағып,
Жануар тұрып қалды қырын барып.
Жандәрменжасұры да бас көтерді,
Айғырдыңәлетінің ұғынды анық.
- Кім бар ау, Бозайғырды жоқтар мұнда,
Кердаламқарызыңнанақталдым ба?
Дегендейішінтартып, кісіненкеп,
«Гүрс» өтіп сұлап түсті көк шалғынға.
Кісідейендіғанаенгенесі,
Ұрының «а» дегендекөргені осы.
Бозайғырендіміне–қызылайғыр,
Боялғанқызылқанға бар денесі.
-Шөп те қан! Көкте де қан, қанынесі?
Менің де қазылған ба көрім осы?!
Жазықсызжануардықорқыратқан,
Ұрыныңболдымбаанықжарымесі?!
Жалпеткенжандайболып, жасынтүсіп,
Өкіріпбозайғырдыңбасынқұшып.
Отырдыөксіп, жылапжасбалаша,
Жаңбырдайжанарыныңжасынішіп.
-Қутірлік, қаршадайданқолбайлаған,
Күніңжоқсапарымдыоңғаайдаған.
Ұрыбоптуғанжоқ ем, ұрықылдың,
Сезгендеанам да алғашойбайлаған.
Соны ойлап жас басымда көбейді мұң,
Бойдағыбарлықмінім – кедейлігім.
Артымдаөліпкетсемжоқтаушымжоқ,
Басқаныңбақайынатөлейдіқұн.
Жоқтықтан құтылуды ойластырғам,
Шынжырын үзе алмадым, байластырған.
Заман-ай! Біреуде бар, біреудежоқ,
Айтақтап, екеуміздішайнастырған.
-Кешірдім! Бақытты бол шырағым тек,
Еркекке мал бауыздау – бұл да міндет.
Дегендейдегдарайғыртұяқсерпіп,
Ұмтылдыекі-үшреттұрамындеп.
-Ендікеш, өкінгенің,күйінгенің,
Жөнемес, ер басыңаиілгенің.
Дегендейтанакөзінбіртөңкеріп,
Иіскедіалақанын, киімдерін.
Қорқырап, бүйірсоғып, ыңыранып,
Кеудесікеңкөріктейсағымдалып.
Ұрыныңтізесінебасынсүйеп
Үзіліп бара жаттыдірілқағып.
Қып-қызылөрттейқандыбесінкешіп,
Сыңсыдыкешкісамал «есіл...» десіп.
Жасұрыбелінжазып, Бозайғырдың,
Байладықанжығағабасынкесіп.
Сандалыпжауаптаппайсұрағына,
Саз келіпызың-ызыңқұлағына.
Аздансоңсүңгіді де, кеттібатып,
Салт атты сахараның, мұнарына!
4.
Талай ай төсек тартып үйден шықпай,
Бүрiсiп, бір уыс боп – күйгеншыттай.
Өзінің өлі екенін тірі екенін,
Жыл бойы меңірейіп жүрген ұқпай.
Кейіннен қапас ойды сырып тастап,
Қолына домбыра алған, құрық тастап.
Боздатып «Бозайғыр» деп күй шығарып,
Күйікпен аяқтаған, күліп бастап.
Таланттың тауып кеткен – ұлыамалы,
Өткізген талай тайғақ сұламаны.
Екі шек қағып қалсаң сұңқыл қағып,
Бозайғыр, Бозайғыр – дептұрады әлі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу