08.06.2022
  352


Автор: Алма Қыраубаева

АХМЕТ ЙАСАУИ

– Балам, Түркістан – Қазақстандағы ең көне қаланың бірі. Онда Ахмет Йасауи бабаның кесенесі бар. Кесененің ішіне Абылай хан да жерленген.
Данабек әкесінің әңгімесін бөліп жіберді:
– Әке, Абылай ханды неге ол жерге жерлеген?
– Абылай хан – елімізді сақтау үшін жанын салған ер. Бүкіл қазақ елі сыйлайтын кісіні әдейі Ахмет Йасауи бабаның жанына апарып жерлейтін болған.
– Ал Ахмет Йасауи кім?
– Ахмет Йасауи – имандылық нұрын шашқан адам. Оның өзі де иманды адам. Жалпы жұртты да имандылыққа үгіттеген. Алла жолындағы кісі.
– Алла жолындағы кісі – қандай кісі?
– Алланың тыйғанынан тыйылады. Алдамайды, ұрламайды, өтірік айтпайды, таза болады. Көп тамақ жемейді. Көп дүние жимайды. Көп білім жияды. Кітап жазады.
Ахмет Йасауи баба ораза кезінде жер астына түсіп отырады екен. Нан-сумен қанағат етіп, кітап жазған. Тіпті даланы да көрмеген. Тек таза ауа жұту үшін түнде ғана далаға шығады екен.
– О, қалай шыдайды, ә! – дейді Данабек.
Әкесі:
– Адам өз мақсатын орындау үшін шыдамды болуы керек, – деді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу